18:11, 18 Наурыз 2009
«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасындағы қызметін бастады
АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасындағы қызметін бастады. Бұл жайында компания өкілдері баспасөз мәслихатында жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС «Тойота Мотор Еуропа» компаниясының еншілес компаниясы болып табылады. Өткен жылы 20-шы мамырда Алматы қаласында компанияның негізі қаланып, ол 2009 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қызметіне кірісті. Бүгінде қызметкерлердің жалпы саны 31 адам. Маркетинг пен сату бойынша жергілікті компания бола отырып, «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Қазақстанда Тойота автокөліктерін, бөлшектері мен аксессуарларын көтерме саудамен сату, жеткізу және оларға кепілдік берумен айналысады. Жергілікті нарықтық және экономикалық жағдайды жіті зерттеу арқылы тұтынушының талабына сәйкес өнімдер мен қызмет көрсететін болады.«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС міндеттерінің бірі Тойота моделінің қатарын кеңейту (солардың ішінде Corolla, Avensis, Camry, RAV4, Land Cruiser Prado 4.0L, Land Cruiser 200, Hiace), яғни 2,7 литрлік қозғалтқышы бар Land Cruiser Prado моделін біздің елге әкелу болып табылады.
Биылғы жылдың алғашқы жартысында қазақстандықтарды тағы бірқатар жағымды жаңалықтар күтіп тұр. Біріншіден, сәуірде Avensis моделінің жаңа буыны әкелінеді. Содан кейін Corolla моделіне автоматты басқару жүйесін енгізу, танымал бизнес санатындағы Camry рестайлингті үлгісін қосу жоспарланған және сонымен қатар RAV4 танымал паркетингінің жаңа, жетілдірілген үлгілері шығады, дейді компания өкілдері.Осы орайда айта кетелік, Қазақстанның барлық Тойота дилерлік орталықтарында бір баға жүйесі енгізілмек. Компанияның басым мақсаттарының бірі Қазақстанда автокөліктерді сату және сатудан кейінгі қызмет көрсетудің ең үздік желісін құру болып табылады. Бүгінде Тойотаның ресми желісі бес дилерлік орталықты құрайды. Олар Алматы, Астана, Атырау және Ақтөбе қалаларында орналасқан. Тойота бренді біздің елде жақсы таныс және жоғары бағаланады. Мысалы, 1999-2007 жылдары Қазақстанда Тойота маркалы автокөліктердің ресми сатылуы 400-ден 9000-ға өскен. Бұл көрсеткіш Тойотаны Қазақстандағы ең жемісті импортер брендіне айналдырды.