Осылайша, Ұлттық Олимпиада комитетіне қолдану үш Hiace, екі Land Cruiser 200 және үш Camry көлігі берілді. Автокөліктер Астана мен Алматы қаласындағы ҰОК филиалының күнделікті қызмет көрсету мақсатында қолданылады.
Былтырғы жылдың қазан айында Toyota мен ҰОК ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Келісімге сәйкес Toyota 2024 жылға дейін Қазақстан құрамасына Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда қолдау көрсетеді.
«Кореядағы Олимпиада ойындары қарсаңында біз Ұлттық Олимпиада комитеті ТОП әріптесіміз Toyota компаниясымен серіктестігімізді нығайта түстік. Мұндай үлкен әріптестеріміздің олимпиадалық қозғалысына ерекше мән беріп, спорттың дамуына көп үлес қосуы бізді қуантады. Ұлттық Олимпиада комитеті атынан Қазақстан құрамасына қолдау көрсетіп жүргені үшін «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясына алғыс айтқымыз келеді. Біздің серіктестігіміз отандық спортшыларымызға рухани күш беріп, көптеген қазақстандықтарды спортпен айналасуға шақырады деген ойдамыз. Бірнеше күннен кейін бәріміз отандық спортшыларымызға Олимпиада ойындарында жанкүйер боламыз. 9 спорт түрінен 57 лицензия алған әр спортшымыз құрметке лайық», - деді Қазақстан ҰОҚ Бас хатшысы Данияр Абулғазин.
Toyota былтырғы жылдың қараша айында Start Your Impossible атты үлкен жоба ұйымдастырған болатын. Бұл жоба - компанияның мықты қоғам құрудың бір белгісі болған. «Біз еркін қозғалғанда бәрі мүмкін!» - компанияның басты ұраны.
Бұл қозғалыстың басты қаһармандары олимпиадалық Қазақстан құрамасының мүшелері.
«Олар - Қазақстан елінің мақтанышы. Халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген отандық спортшыларды қолдау - біз үшін үлкен құрмет. Сондықтан, біз олимпиадалық қозғалысын дамыту аясында қуана-қуана өз көліктерімізді Ұлттық Олимпиада комитетіне ұсындық», - деді «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының президенті Кит Мэтью Симмонс.
XXIII қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9-26 аралығында Оңтүстік Кореяда өтеді.