Toyota Ресейде Land Cruiser маркалы көлігін құрастырудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ-ның Sollers көлік жасаушы компаниясы мен Toyota автоконцерні Ресейдің қиыр шығыс өндіріс аймағында Land Cruiser Prado көлігін құрастыру туралы келісімін тоқтатты. Бұл туралы ТАСС Sollers-тің ресми өкіліне сілтемемен хабарлады.

«Бұл көлікті құрастыру маусым айында тоқтатылды. Қазіргі таңда келісімшарт күшін жойған», - деді компанияның ресми өкілі. Ол Sollers көлік жасаушы компаниясы зауытында жұмысты жаңғырту үшін Toyota автоконцернімен жаңадан келісімшарт жасасу керек екенін айтты.

Бұған дейін Toyota Ресей нарығына Land Cruiser Prado-ның жаңа нұсқасы шығатынын хабарлаған. Компания жаңа модель Тахара зауытында (Жапония) жасалатынын және Ресейге импортталатынын атап өткен.