Тойота Ресейден 100 мың Toyota Camry көлігін кері қайтармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тойота Мотор» 2011 жылғы 10 мамырдан қазірге дейін Ресейге сатылған 101 354 Toyota Camry көлігін кері қайтармақ.

Би-би-сидің хабарлауынша, жүру бөлігінде резеңке шаң қайтарғышы зақымданған, бұл майдың ағып, бөлшектің уақытынан бұрын істен шығуына әкеледі.

Ақау өткен жылы анықталған, алайда қажетті бөлшектер енді ғана әкелінген.

Бұл ақау тек Ресейде шығарылған Camry үлгісіндегі көлікке ғана емес, елге әкелінген көліктерге де қатысты.