Toyota Таиландтағы су тасқынына байланысты өндіріс көлемін азайтады

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Жапондық Toyota алпауыт концерні Таиландтағы су тасқыны салдарынан келген жетіспеушілікке байланысты өндіріс көлемін қысқартады.

Утро.ru хабарлағандай, Жапония, АҚШ, Канада, ОАР, Индонезия, Филиппин, Вьетнам, Пәкістан және Малайзиядағы кәсiпорындар қысқартуға ұшырайды.

Таиландтағы күшті су тасқыны зиянын тигізген жапон компаниялары тізімінде сондай-ақ Honda, Nissan және Mitsubishi де бар.

Жарты ғасыр ішіндегі ең күшті су тасқынынан 3 миллионға тарта адам зардап шекті. Соңғы деректер бойынша, опат болғандардың саны 437 адамға жетіп, 110 мыңнан астам адам баспанасыз қалған.