Төзімділік мәселесінде өзгелер Қазақстаннан үлгі алулары керек- Шолу конференциясы

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -«Төзімділік біздің қанымызға сіңген қасиет», деді бүгін Әйелдерді қолдау орталығының өкілі Астанда өтіп жатқан ЕҚЫҰ Саммитінің Шолу конференциясында.

«Бізді бүгін Ресейдегі және бірқатар Еуропа елдеріндегі мигранттарға қатысты көзқарас алаңдатады. Егер Қазақстан үкіметі мен үкіметтік емес ұйымдардың және халықаралық ұйымдардың бірлескен қимылдары болмағанда мигранттарға қатысты біздің елдегі жағдай да нашар болар ма еді. Біздің ел мигранттардың ықпалдасуы үшін және олардың барлық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің барын жасауда. Ал көші-қон саласында қалыптасқан мәселелер дер кезінде қолға алынып, шешімін табады», деді орталық өкілі.

Оның пікірінше, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы тұсында төзімділік мәселесінің басты ұрандардың бірі ретінде алынуы тектен тек емес. «Біздің бұл бағыттағы тәжірибемізді ЕҚЫҰ-на мүше өзге елдер де пайдаланса игі болар еді», деді әйелдерді қолдау орталығының өкілі.