Трактор астында қалған жұмысшы ажал құшты - Павлодар

ПАВЛОДАР. 21 мамыр. ҚазАқпарат - «Павлодар жылу жүйелері» ЖШС кесушісі жөндеу жұмыстары кезінде «МТЗ» тракторының астына түсіп қалды,

деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

59 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай жан тапсырды.

Сот медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.