Трамп 6 тамыз күні мәлімдеме жасайды — Ақ үй
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Ақ үйдің Сопақ кабинетінде мәлімдеме жасайды. Бұл туралы Ақ үй жариялаған ресми кестеде көрсетілген.
Мәлімдеменің нақты тақырыбы әзірге белгісіз. Кестеде тек оның уақыты көрсетілген — Вашингтон уақытымен сағат 4:30–да (Астана уақытымен 7 тамыз, 01:30–да) өтеді.
Бұған дейін Трамп Ақ үйдің брифингте журналистердің бірнеше сұрағына жауап берген болатын.
АҚШ әкімшілігі басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, президент Ақ үйдің шатырына шығып, қыркүйекте басталуы жоспарланған бал залының құрылыс алаңын шолып шыққан. Бұл жоба толығымен Америка президентінің жеке қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Ал жуырда Ақ үйдің раушан бағында жүргізілген құрылыс жұмыстары аяқталған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Камбоджа АҚШ президенті Дональд Трампты Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынуды жоспарлап отыр.