Сенім істері басқармасын құру туралы АҚШ президенті 7 ақпанда мәлімдеді.
X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Ақ үй кеңсесінде түскен сурет пайда болды. Онда АҚШ президентін қызметкерлер қоршап тұрғанын көруге болады. Бұл сурет БАҚ-та түрлі реакция тудырды.
– Таяу Шығыстағы қақтығыс, воук идеологиясымен күрес (афро-америкалық ағылшын тілінен шыққан америкалық саяси термин және әлеуметтік, нәсілдік және жыныстық әділеттілікке қатысты мәселелерге көбірек көңіл бөлуді білдіреді – ред.)... Дональд Трамп құдайдың көмегін пайдалана алатыны сөзсіз, деп әзілдейді BILD редакторы Кристофер Бюль.
Фотоның астында Трамптың сөзі жарияланды:
- Киелі кітапта айтылғандай, «Татулық орнатушылар бақытты». Осының бәрі аяқталғаннан кейін менің ең үлкен мұрам – бейбітшілікті сақтаушы және біріктіруші ретінде есімде қалуым деп үміттенемін.
Кеңседе ақ киінген жалғыз адам - әйгілі уағызшы Пола Уайт. Ол көптен бері Трамптың рухани кеңесшісі болды. Енді ол Ақ үйдегі сенім басқармасының бас кеңесшісі болады, деп жазады BILD.
Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп New York Post таблоидына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы Украинадағы соғыс туралы сөйлескенін айтқан. Бұған дейін Трамп Газадағы соғысты тоқтату ниеті туралы мәлімдеген еді.