Трамп әкімшілігі шетелдік студенттерді депортациялау ережелерін өзгертті
АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ үкіметі шетелдік студенттердің елдегі құқықтық мәртебесін жоюға болатын себептер тізімін кеңейтті, деп хабарлайды Associated Press.
Бұл туралы статусын даулаған студенттер ісі бойынша өткен сот отырысында белгілі болды. Қаншама студент студенттік визасының күшін жоюына байланысты АҚШ-тағы мәртебесінен айырылуы мүмкін.
Өйткені, АҚШ-қа виза елге кіру үшін беріледі, ал шетелдіктердің елде тұруы мәртебесіне байланысты. Визасының мерзімі өтіп кетсе де, шетелдіктер заңды мәртебесін сақтай алады.
— Бұл Мемлекеттік департамент олардың визаларын қайтарып алса да, олар ешқандай ережелерді бұзбаған болса да студенттерді депортациялауға карт-бланш береді, — деді иммиграциялық адвокат Брэд Баниас AP-ке.
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі ФБР дерекқорынан 734 шетелдік студенттің тізімін алды. Барлық тұтқындау, тіпті айып тағылмаған болса да, осы дерекқорға енгізіледі.
Агенттік олардың Студенттердің халықаралық ақпараттық жүйесіндегі (SEVIS) деректер базасындағы мәртебесін тоқтатуды бұйырды. Әдетте, егер студент оқуды тоқтатса, SEVIS жазбалары мекеменің талабы бойынша өзгертіледі.
Бұған дейін АҚШ-тағы үнділік студенттердің ұсақ заң бұзушылықтары үшін депортацияланатыны хабарланған болатын.