Трамп: АҚШ дизель отынын экспорттауға тыйым салмайды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ дизель отынын экспорттауға тыйым салмайды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Report .

Фото: Report

— Негізінде, Еуропа дұрыс әрекет етті, өйткені онда дизель отыны көп. Оларда дизель жеткілікті. Олар дизельді басқа елдердің көпшілігіне қарағанда бірнеше есе көп пайдаланады және өте дұрыс шешім қабылдады, — деді ол.

Президент дизель отынын экспорттауға тыйым салу мәселесі ешқашан қаралмағанын атап өтті.

Бұған дейін Трамп Еуропа елдері өз қорларындағы дизель отынының едәуір көлемін нарыққа шығаруға келіскенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ Ақ үй басшысы америкалық тарап Ормуз бұғазы арқылы рекордтық көлемде мұнай шығарғанын айтқан еді.