- Біріккен Корольдік сияқты Ормуз бұғазындағы жағдайдың салдарынан авиация отынына қол жеткізе алмай отырған және Иранның басшылығын жоюға қатысудан бас тартқан елдерге айтарым бар. Біріншіден, отынды АҚШ-тан сатып алыңыздар, бізде ол жеткілікті. Екіншіден, кеш болса да батылдық танытып, шығанаққа барып, алыңыздар керектеріңізді. Сіздерге қазір өз мүдделеріңіз үшін күресу керек. АҚШ енді сіздерге көмектеспейді. Сіздер де қажет уақыттта біз үшін қол ұшын созбадыңыздар. Иран күйреді, ең қиын жұмыс атқарылды. Енді өздеріңіздің мұнайларыңызды өздеріңіз алыңыздар, - деп жазды Трамп.
Осыған дейін Трамп Иран мен Харк аралының мұнайын басып алуға рұқсат берген болатын.