Астанадағы Марал көпірінде қозғалыс екі күнге шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Марал көпірі (М2) бойындағы деформациялық тігістерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Фото: Уикипедия

- Осыған байланысты 6 қыркүйек сағат 15:00-ден 8 қыркүйекке дейін автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс тараптардың бірінде екі бағытта да ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі, - делінген ақпаратта.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер қойылады.

Басқарма тұрғындардан аталған шектеулерге түсіністікпен қарап, қаладағы қозғалыстарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Айта кетейік, Алматыдағы кейбір көшелерде қозғалыс уақытша шектелетіні хабарланды.