Аталған құжатты сейсенбі күні Ақ үйдің баспасөз қызметі жариялады.
Мұнда федералды үкімет қолданатын терминдер бұл технологиялардың орасан зор әлеуеті мен америкалықтарға ашатын шексіз мүмкіндіктерін айқын көрсетуге тиіс делінген.
– Демек, «суперинтеллект» атауы бұл технологиялардың зор әлеуеті мен қарқынды дамып келе жатқан мүмкіндіктерін дәлірек сипаттайды, — делінген Трамп жарлығында.
Құжатқа сәйкес, АҚШ мемлекеттік органдары мен өзге де үкіметтік құрылымдар заңға қайшы келмейтін жағдайларда ресми хаттарда, жария мәлімдемелерде, сайттарда, баяндамаларда және заңнамалық актілерге жатпайтын басқа да құжаттарда «суперинтеллект» терминін қолдануға тиіс. Бұл ретте жарлықта қолданыстағы нормативтік актілердегі «жасанды интеллект» терминін өзгерту талап етілмейді.
Бұған дейін Трамп «жасанды интеллект» атауын «сәтсіз әрі дәл емес» деп санайтынын мәлімдеген еді. Оның пікірінше, мұндай технологияларды «суперинтеллект» деп атаған жөн.
Ақ үйдің 23–25 қыркүйекте ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Вашингтонға мемлекеттік сапары және оның АҚШ президентімен кездесулері қорытындысы бойынша жариялаған құжаттарында АҚШ пен Қытай басшылары жаңа технологиялардың осы түрін атауда «жасанды интеллект» емес, «суперинтеллект» терминін қолдануға келіскені айтылған.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік қызметтерге арналған бірыңғай онлайн-платформа құратынын хабарлаған болатынбыз.