Report мәліметінше, Ормуз бұғазы туралы бұл мәлімдемені америкалық көшбасшы Нью-Йорк штатындағы сөзінде айтқан.
— Қазір Иран ауыр жеңіліске ұшырап жатыр. Иранды түпкілікті жеңген кезде көп ұзамай Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялаймын, — деді Трамп.
Айта кетейік, Исламабад Ормуз бұғазы төңірегінде жалғасып жатқан келіспеушіліктерге байланысты АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты шешу үшін күш салып жатыр.
Бұған дейін Пентагон 2025 жылғы АҚШ-тың әскери операциялары кезінде 150-ден астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 240-тан астам адам жараланғанын ресми түрде мойындады.
Еске салайық, бұған дейін Трамптың Түркиядағы НАТО саммитінен кейін ұшағын ауыстырғаны туралы жаздық.