Трамп АҚШ пен Канада арасындағы шекаралық келісімді қайта қарауға ниетті
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Канада арасындағы шекараны анықтайтын шартты мойындамайтынын айтып, оны қайта қарауға ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі MSN арнасына сілтеме жасап.
Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен сөйлескен кезде Трамп АҚШ пен Канада арасындағы шекараны анықтайтын келісімді жарамды деп санамайтынын айтты.
Оның үстіне ол келісімді қайта қарауға ниет білдірді, бірақ қосымша түсініктеме бермеді.
1908 жылы қол қойылған бұл шарт Канада, сол кездегі британдық үстемдік пен Америка Құрама Штаттары арасындағы халықаралық шекараны белгіледі.
Трамп сонымен қатар бірнеше келісімдермен реттелетін екі ел арасындағы көлдер мен өзендерді бөлісу келісімдерін қайта қарауға мүдделі екенін жеткізді. Ол бұрын да бұл мәселеге қызығушылық танытқан болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Иранды ядролық қарудан бас тарту бойынша келіссөзге шақырған еді.