Трамп АҚШ-та еркін де әділ баспасөз жоқ екенін мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп баспасөзді сынға алып, New York Times, ABC және Washington Post тілшілерін халық жауы атады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Трампты New York Times сауалнамасының қорытындысы ашуландырды, онда 2024 жылы Трампқа сайлаушылардың тек 37%-ы дауыс бергені айтылған, ал ABC/Washington Post сауалнамасы бойынша – 34%.
- Бұл журналистер сайлауды бұрмалағаны үшін жауапқа тартылуы керек... Олар қылмыскерлер... Мен сайлауда жеңіске жеттім, олардың сауалнамалары көрсеткеннен әлдеқайда үлкен айырмашылықпен... Олар мен туралы тек теріс әңгімелер жазады, мен жүргізген іс қаншалықты жақсы болса да (99,9%, бұл тарихта ең жақсы көрсеткіш) және олар шынымен халық жаулары! Мен оларға жақсылық тілеймін, бірақ Американы қайтадан ұлы ету үшін күресуді жалғастырамын! - деп жазды Дональд Трамп Truth Social-да.
Трамп елде еркін де әділ баспасөз жоқ екенін атап өтті.
- Бізде жаман әңгімелер жазып, сауалнама жүргізе отырып алаяқтық жасайтын баспасөз бар. Олар бұзылған және сыбайлас, - деп мәлімдеді АҚШ президенті әлеуметтік желіде.
Бұған дейін АҚШ-тың Үкімет тиімділігі департаменті (DOGE) жүргізіп жатқан үнемдеу саясаты аясында бірқатар америкалық БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландырудан бас тартатынын жазған болатынбыз.