Трамп АҚШ-тан тыс жерде шығарылатын фильмдерге 100% баж салығын жариялады

Фото: Фото: wikiquote

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімі басқа елдердің америкалық режиссерлерді тарту үшін ұсынып отырған ынталандыруларына байланысты америкалық киноиндустрияның құлдырауына байланысты жасалды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

— Америкадағы киноиндустрия жылдам жойылады. Басқа елдер біздің кинорежиссерларымыз бен студияларымызды АҚШ-тан алшақтату үшін барлық амалды қолданды. Голливуд пен АҚШ-тағы көптеген басқа аймақ қирап жатыр. Бұл басқа елдердің келісілген күш-жігері, сондықтан ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сонымен қатар, бұл хабар алмасу және насихаттау, — деп жазды Дональд Трамп Truth Social-да.

Трамп сауда министрлігіне АҚШ-қа жеткізілетін және шетелде шығарылатын барлық фильмге 100 пайыздық баж салығын енгізу процесін дереу бастауға рұқсат беретінін айтты.

— Біз Америкада түсірілген фильмдердің қайтадан қол жетімді болғанын қалаймыз, — деді ол.

Бұған дейін 12 штат Трампты тарифтері үшін сотқа берген болатын.