Трамп АҚШ пен Украина арасында барлау ақпаратын алмасу қайта жанданғанын мәлімдеді
23:42, 10 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Украина арасында барлау ақпаратын алмасу қалпына келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.
Ол сондай-ақ Сауд Арабиясында америкалық және украиндық шенеуніктердің алдағы келіссөздерінен жақсы нәтиже күтетінін айтты.
Ақпарат алмасуды қайта бастауды қарастырып жатыр ма деген сұраққа Трамп:
— Біз мұны дерлік жасадық, — деді.
Сауд Арабиясындағы келіссөздерге қатысты ол: «Осы аптада үлкен жетістіктерге жететінімізге сенемін» деді.
Киевпен барлау мәліметтерін алмасудың тоқтатылуы өткен аптада америкалық әскери көмектің аяқталуымен байланысты.
Бұған дейін АҚШ Украинаға барлау бойынша қандай көмек көрсеткенін жазған едік.