Трамп АҚШ-та жетілдірілген қару-жарақ барын айтты
АСТАНА. KAZINFORM — Америка президенті Дональд Трамп АҚШ-тың арсеналында көпшілікке бар-жоғы белгісіз болып қалатын жетілдірілген қару-жарақ жүйелерінің бар екенін жариялады. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.
Ақ үйде Австралия премьер-министрі Энтони Албанеспен кездесудің алдында журналистер Трамптан АҚШ Қытайдан ондаған жылдар бойы артта қалуы мүмкін деген болжамдарға түсініктеме беруін сұрады.
— Сіз қажетсіз газеттерді оқып жүрсіз. <…> Біз Қытайдан әскери жағынан әлдеқайда озып кеттік. Америка Құрама Штаттары қару-жарақтың барлық түрлері бойынша олардан әлдеқайда алда. Олар тек кемені көптеп шығарады. Мұны біз де жасаймыз және қуып жетеміз, — деді ол.
Трамп сонымен қатар қазір жасанды интеллект технологияларының өте маңызды екенін атап өтті.
Еске салайық, Дональд Трамп Колумбияға қаржылай көмекті тоқтатты.