Оның айтуынша, президент Трамп үшін әлемде адам құқығын қорғау мәселесі маңызды болып саналады. «Сондықтан жаңа әкімшілік Кубамен қарым-қатынас жасау барысында бұл мәселе алдыңғы қатарға шығады», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік Құрама Шттардың бұрынғы президенті Барак Обама 2014 жылдан бастап аралда мемлекетпен қатынасты жақсартуды қолға алған. 2015 жылы Вашингтон мен Гавана елшілігін ашады.
Сондай-ақ бірқатар шектеу алынып, америкалық кәсіпкерлерге бизнеспен айналысуға, рұқсат етіледі. Бірақ Кубаға салынған эмбарго толық алынбаған болатын. Оны тек Конгресс алып тастай алады.