Вашингтон әкімшілігіндегі дереккөздердің мәліметінше, Трамп АҚШ-тың Ауғанстан мен Оңтүстік Азиядағы жаңа страгегиясы жөнінде жариялайды. CBS телеарнасы, сондай-ақ Ақ үй Пәкістанды лаңкестікті қаржыландыратын демеуші-елдер тізіміне енгізіп, аталмыш ислам республикасына көмек көлемін азайту және оны АҚШ-тың НАТО-дан тыс негізгі одақтасы тізімінен алып тастау мүмкіндігін қарастырғанын атап өтті. Бұл ретте, әкімшіліктен хабарлағандай, бұл жоспарлар президент мәлімдеме жасағанға дейін өзгеруі ықтимал.
Пентагонның баспасөз қызметі телеарнаның ақпаратына түсінік беруден бас тартып, бас қолбасшының мәлімдемесін күтуге кеңес берді.
Жексенбі күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс президент Трамп 21 тамыз күні Американың Ауғанстан мен Оңтүстік Азия бойынша жаңа стратегиясы туралы мәлімдеме жасайтынын айтқан болатын.