Трамп баспанасыз адамдарды Вашингтоннан тез арада кетуге шақырды

Фото: Anadolu Ajansı

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп қаладағы қылмыспен күресуге уәде беріп, үйсіз-күйсіз адамдар Вашингтоннан кетуі керек екенін жеткізді, деп хабарлайды Kazinform BBC-ге сілтеме жасап.

Ол сондай-ақ баспасөз мәслихатын жариялады. Онда АҚШ президентің қаланы «бұрынғыдан да қауіпсіз және әдемі» ету туралы жоспарын көрсетеді. 

Өткен айда Трамп үйсіз адамдарды қамауға алуды жеңілдететін бұйрыққа қол қойды. Бұған қоса, жұмада ол федералды агенттерді Вашингтонға «толық бақылаудан тыс» қылмыспен күресу үшін жіберуді бұйырды. 

– Үйсіздер тез арада қаладан кетуі керек. Тұрғын жаймен өзіміз қамтамасыз етеміз, бірақ ол ел астанасынан алыс жерде. Қылмыскерлерге қаладан кетудің қажеті жоқ. Біз сіздерді түрмеге жөнелтеміз, - деді Трамп жексенбі күні Truth Social желісінде жазған жазбасында.

BBC агенттігінің хабарлауынша, президент жоспарының егжей-тегжейлері нақтыланған жоқ. Бірақ 2022 жылы ол үйсіз адамдарды қала сыртындағы қымбат емес жерге  көшіріп, оларды медициналық көмекпен қамтамасыз еткен еді. 

– Бізде 2023 жылы қылмыстың күрт өсуі байқалды. Бірақ қазір 2023 жыл емес. Кейінгі екі жылда біз қаладағы зорлық-зомбылық қылмысын бұған дейінгі 30 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендету үшін жұмыс істедік, - деді Вашингтон мэрі Мюриэль Баузер жексенбіде MSNBC-ге берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, АҚШ-та заңсыз жүрген миллионнан астам адам өз еркімен елдеріне қайтқанын хабарлаған едік.