Трамп Байденді құпия ақпаратқа қол жеткізу құқығынан айырды

Фото: Фото: Anadolu Ajansı

АСТАНА.KAZINFORM  - АҚШ президенті Дональд Трамп өзінен бұрынғы президент Джо Байденді құпия ақпаратқа қол жеткізу құқығынан айырды, деп хабарлайды BILD.

- Джо Байденге құпия ақпаратқа қол жеткізуді жалғастырудың қажеті жоқ. «Сондықтан біз Джо Байденнің қауіпсіздік рұқсатын дереу алып тастаймыз және оның күнделікті барлау брифингтерін тоқтатамыз, - деп жазды Ақ үй басшысы өзінің Truth әлеуметтік желідегі парақшасында.

Байден 2021 жылы Барлау қауымдастығына Трамптың ұлттық қауіпсіздік ақпаратына қол жеткізуін тоқтатуға нұсқау бергенде «прецедент орнатты», деді ол.

Прокуратура есебі Байденнің «есте сақтау қабілеті нашар» екенін көрсетті және оның есте сақтау қабілеті жақсы болған күнде де оған сенуге болмайды, деп жазды Трамп.

- Мен әрқашан ұлттық қауіпсіздігімізді қорғаймын. Джо, сен жұмыстан босатылдың. Американы қайтадан ұлы етеміз! – деп жазды АҚШ президенті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Трамптың Газаны басып алу туралы ұсынысынан кейін Таяу Шығысқа баратынын жазған болатынбыз.