Трамп BBC-ді сотқа беретінін айтты
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті ВВС-ді 2021 жылдың 6 қаңтарында Дональд Трамптың сөзіне «қорлайтын, теріс пиғылды» түзетулер енгізілген деректі фильмі үшін оған «тиісті өтемақы» төлеуді талап етіп, сотқа беретінін айтып, қорқытты, деп хабарлайды New York Times.
Президенттің адвокаты Алехандро Бритоның хатында деректі фильмді толықтай алып тастау, кешірім сұрау және «келтірілген залал үшін президент Трампқа тиісті өтемақы төлеу» талап етілген.
Егер бұл талаптар орындалмаса, «президент Трамптың өзінің заңды және әділ құқықтарын қорғаудан басқа амалы қалмайды, атап айтқанда, кем дегенде 1 000 000 000 (бір миллиард доллар) көлеміндегі өтемақы талап етіледі. Егер BBC осы жұма күні сағат 17:00–ге дейін шара қолданбаса, сот ісі қозғалады.
«Трамп: екінші мүмкіндік?» деп аталатын деректі фильм өткен жылғы президент сайлауы алдында көрсетіліп, BBC-дің онлайн-плеерінен алынып тасталған.
BBC төрағасы Самир Шах хатында «Біз сөздің өңделу тәсілі тікелей зорлық-зомбылыққа шақыру сияқты әсер қалдырғанын мойындаймыз. BBC бұл қателік үшін кешірім сұрайды» деп мәлімдеді.
Біз бұған дейін Трамптың сөзіне қатысты даудан кейін BBC бас директоры қызметінен кететінін хабарлаған едік.