Ақ үйдің баспасөз қызметінің мәліметінше, құжатта Бразилия үкіметінің әрекеттері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясаты мен экономикасына қатер төндіреді делінген.
Сондай-ақ жарлықта бұл шара Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаруға қатысты өз елінде өтіп жатқан сот процесімен байланысты екені атап өтілген. АҚШ тарапы бұл істі «саяси астары бар» деп бағалап отыр.
Айта кетейік, шілде айының басында Дональд Трамп Бразилиядан келетін тауарларға 50 пайыздық тариф енгізу жоспарын жариялаған болатын.