Трамп Бүлік туралы заңға жүгінуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Дональд Трамп әсіресе соттар немесе шенеуніктер оның Ұлттық гвардияны орналастыру жоспарына кедергі келтіретін болса, «қажет болған жағдайда» Бүлік туралы заңға жүгіну мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды NBC News.
— Егер қажет болса, мен мұны істейтін едім. Әзірге бұның қажеттілігі болған жоқ. Егер адамдар өлтіріліп, соттар, губернаторлар немесе мэрлер жолымызға кедергі келтірсе, мен мұны істейтін едім. Адамдардың қаза болмайтынына көз жеткізгім келеді. Біз қалаларымыздың қауіпсіз екеніне сенімді болуымыз керек, — деді Дональд Трамп.
1807 жылғы Бүлік туралы заң президентке белгілі бір жағдайларда азаматтық мақсатта құқық қорғау іс-шараларын жүргізу үшін АҚШ әскерін жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ол соңғы рет 1992 жылы Лос-Анджелестегі тәртіпсіздіктер кезінде қолданылған.
Бұған дейін Орегон штатының федералды судьясы Трамп әкімшілігіне Калифорниядан немесе кез келген басқа штаттан Ұлттық гвардия әскерін Орегон штатының Портленд көшелеріне орналастыруға тыйым салғанын хабарлаған едік.