Трамп ДСҰ-дан шығуға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) өз жұмысын жақсартпаған жағдайда АҚШ Президенті Дональд Трамп одан шығуға дайын. Бұл жайлы америкалық басшы бейсенбі күні Bloomberg агенттігіне мәлім еткен.

Бұл қауіп АҚШ құрылуына тікелей қатысқан, қазіргі заманғы халықаралық сауда негіздерін бұзуы ықтимал.

Трамп ДСҰ-ның бірнеше жылдар бойы АҚШ-қа оң көзбен қарамағандығын айта келе,  өз саясатын өзгертуі қажет екендігін атап өтті.