Трамп екі күн ішінде Будапешттегі Путинмен кездесуіне қатысты мәлімдеме жасамақ
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен Будапештте өтуі мүмкін кездесуге қатысты шешімін алдағы екі күн ішінде жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы Трамп сейсенбі күні Ақ үйде журналистермен болған әңгіме барысында айтты.
Одан журналистер Ресей президентімен болуы мүмкін кездесу жайлы пікіріне қатысты түсініктеме беруін сұраған. Бұған дейін ол «уақытты босқа өткізбеуді қалайтынын» айтқан еді. Алайда Трамп бұл сөзінің бұрмаланғанын айтып, төмендегідей жауап қатты:
«Мен ештеңе айтқан жоқпын. Бұл (кездесу) уақытты босқа өткізумен бірдей болар еді деп мен айтпадым», деді Ақ үй басшысы.
Сонымен қатар ол қазіргі кезде бұл бағытта көптеген процестер жүріп жатқанын атап өтті.
«Біз алдағы екі күн ішінде аталған мәселеге қатысты әрекеттерімізді хабарлаймыз. Қазір бұл бағытта көп нәрсе болып жатыр», деп қосты Трамп.
Еске сала кетейік, Трамптың бұл мәлімдемесі Ресей мен АҚШ арасындағы ықтимал саммиттің Будапештте өту мүмкіндігі жайлы айтылған тұста жасалып отыр.
Айта кетсек, Зеленский Будапештте Трамп пен Путиннің кездесуіне қатысуға дайын.
Сондай-ақ Рубио мен Лавров Трамп-Путин келіссөзін талқылады.