Трамп Федералды тергеу басқармасының директорын қызметінен босатты
04:34, 10 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп Федералды тергеу басқармасының директоры Джеймс Комиді қызметінен босатты, деп хабарлайды РБК Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Коми ФТБ-ның директоры қызметіне 2013 жылы Барак Обаманың кезінде тағайындалған болатын.