Трамп Флоридадағы гольф клубын президент резиденциясына айналдырмақ

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида штатының Уэст-Палм-Бич қаласындағы Trump International гольф клубы аумағында демалыс және маңызды кездесулер өткізуге арналған резиденция ашылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісі CBS News арнасына сілтеме жасап.

Фото: golfdigest.com

Бұл идея жайлы жұртшылық гольф клубының адвокаты Палм-Бич округінің комиссия мүшелеріне Trump International гольф клубына президенттік резиденция мәртебесін беруді ұсынып хат жолдағаннан кейін білді.

Трамптың айтуынша, бұл идеяны АҚШ Құпия қызметі мен әскерилер ұсынған.

Бұл идеяға бастамашы болғандар алаңның айналасында биік ғимараттар мен тұрғын үйлердің болмауын, қырағы күзетті, құқық қорғау органдары мен халықаралық әуежайдың жақын орналасуын және гольф клубының дамыған инфрақұрылымын алға тартады.

Ақ үй үкіметтің болашақ президенттер пайдалана алатын және шетелдік көшбасшылармен кездесулер де өткізуге болатын президенттік резиденция құруды қарастырып отырғанын растады. 

АҚШ президенті Мар-а-Лаго курортында бола отырып, Трамп халықаралық гольф алаңында гольф ойнайды.

Бұған дейін АҚШ-тағы Trump National Doral гольф-курортында Дональд Трампқа арналған жаңа мүсін орнатылған болатын.