Трамп Флоридадағы резиденциясында Мелониді қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM — Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың Мар-а-Лагодағы резиденциясына келіссөз жүргізу үшін барды.
Оның айтуынша, кездесу Мелонидің жақтастарының Италия премьер-министрі «Трамптың Еуропадағы басты одақтасы» болады деген үмітін нығайтады.
ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше, кездесудің күн тәртібі әлі белгісіз, алайда Мелони Трамппен республикашылдардың еуропалық елдермен келіспеушіліктерін азайтуды талқылауы әбден мүмкін.
Италия премьер-министрінің Трамппен кездесуі Америка әкімшілігінің қазіргі басшысы Джо Байденнің 9-12 қаңтарға жоспарланған сапарына бірнеше күн қалғанда өтіп жатыр. Италияда Байденнің Мелонимен, сондай-ақ Рим Папасы Францискпен кездесуі жоспарланған.
Басылымның атап өтуінше, Трамп сайланғалы оның резиденциясына бірнеше мемлекет басшылары, соның ішінде Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан, Аргентина президенті Хавьер Майли және Канада премьер-министрі Джастин Трюдо барды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Трамп Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы қызметіне Тэмми Брюсті ұсынды.