Аталмыш шешім федералдық қаржыны «Ирма» дауылынан зардап шеккендерге ешқандай кедергісіз жұмсауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің белгіленген мөлшерден тыс жұмысына өтемақы төлеуге мүмкіндік береді, деп түсіндірді губернатор.
Ол мемлекет басшысының жіберілген өтінішті аздаған уақыттың ішінде-ақ бекіткендігін жеткізді.
«Ирма» дауылы төніп тұрғанда Флориданы ел халқы түгел қолдайтыны түсінікті. Мен сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтардың Флоридаға қолдау көрсеткісі келетінін білемін. Бұл әрине, адамның ризашылығын тудырады. Сол себепті мен Флорида тұрғындарының атынан бізге көрсетіліп отырған қолдауды, ынтымақтастықты жоғары бағалайтынымызды айтып өткім келеді»,-деді губернатор.