Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер SB Nation Radio эфирінде айтты.
«Жоқ, жоқ, бұл жолы ол келмейді», - деп күліп жауап берді Леффлер Ақ үй басшысы келуі мүмкін бе деген сұраққа.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел президенттігіне үміткер кезінде Дональд Трамп «Гарденде» өткен Геннадийдің екі айқасына барған. Ол Давид Лемьемен жекпе-жек алдында Головкинмен киім ауыстыратын бөлмеде жолығып, сәттілік тілеген.