Трамп Иранға «20 есе көп соққы беретінін» айтып қорқытты

Фото: Anadolu

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы соққылардың қарқынын күшейтетінін ескертті.

Ақүй басшысы бұл туралы TruthSocial әлеуметтік желі платформасындағы жазбасында жазды.

- Егер Иран Ормуз бұғазындағы мұнай ағынын тоқтататын кез келген шара қолданса, АҚШ оған бұрынғыдан 20 есе қатты соққы береді, - деді ол.

Сонымен қатар, америкалық көшбасшы «жеңіл жойылатын нысаналарға» соққы жасағаннан кейін Иран ұлт ретінде қалпына келе алмайтынын айтты.

Айта кетейік, біз бұған дейін Ормуз бұғазы жабылғанын, мұнай нарығын не күтіп тұрғаны туралы жазған едік.