Трамп бұл туралы жұма күні Флорида штатында өткен митингте айтты. Ол бұған дейін жүргізілген «Midnight Hammer» («Түн ортасындағы балға») және «Epic Fury» («Жойқын қаһар») операцияларын атап өтіп, олардың Иранның ядролық әлеуетіне айтарлықтай зиян келтіргенін мәлімдеді.
– «Midnight Hammer» операциясы арқылы Иранның уран байыту мүмкіндігін толық жойдық, – деді Трамп жақтастарына сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, түнде жүргізілген осы операциядан кейін қалған жұмыстар «Epic Fury» операциясы аясында атқарылған.
Сондай-ақ АҚШ президенті Иран келіссөздер арқылы келісімге келмесе, әскери әрекеттер қайта жалғасуы мүмкін екенін айтты.
– Біз тағы бір шағын «Epic Fury» операциясын жүргізуіміз мүмкін. Әйтпесе, олар келісімге келеді. Егер олар ақылды болса, «іске көшейік» деп айтар еді, – деді ол.
Ақпан айының соңында басталған соғыс атысты тоқтату туралы келісімге және бейбіт келісімді түпкілікті бекіту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қарамастан, әлі толық реттелген жоқ.
Мәліметтерге қарағанда, АҚШ пен Израиль америкалық аралық сайлаудан кейін Иранға қарсы соққыларды қайта бастау жоспарын әзірлеген. Израильде де парламент сайлауы 27 қазанда өтеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ Таяу Шығыс базаларындағы әскерін азайтып жатқанын жаздық.