Трамп: Иранмен соғыс 3 қарашаға дейін аяқталуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ пен Иран арасындағы соғыс 2026 жылғы 3 қарашадағы Конгресс сайлауына дейін аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Kazinform Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Anadolu

АҚШ президенті Дональд Трамп осы жаңалықты америкалық NewsNation телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Бұған дейін Ақ үй басшысы журналистерге берген түсініктемесінде соғыс 3 қарашада өтетін сайлаудан кейін бірден аяқталатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Иран бұдан әрі қарсы тұра алмайды.

— Бұл мәселе сайлаудан кейін реттеледі, тіпті одан ерте шешілуі мүмкін, — деді ол.

АҚШ Президенті Иранның Иорданиядағы америкалық базаға жасаған соңғы соққылары аймақтағы Америка ұшақтарына зақым келтірді деген қауесетті жоққа шығарды.

— Жоқ, ешқандай зақым келтірген жоқ, мүлдем шығын болмады, — деді ол.

Kazinform үшін Anadolu агенттігі ұсынған материал.

Бұған дейін Иран АҚШ-пен соғысты тоқтатудың шарттарын атағанын жазған едік.

Ақзат Жиеналина