— Мен олардың ұсынысын қабылдамаймын. Олар бірден бұғазды ашу туралы келісім жасағысы келеді, өйткені орасан зор шығынға ұшырап жатыр. Олар келісім жасағысы келеді, меніңше, бұл қалыпты жағдай. Мен де келісім жасағанды ұнатамын, бірақ мұндай келісімге жол берілмейді, — деді Трамп 26 қыркүйекте журналистерге.
Бұған дейін Тегеран бірқатар шарт орындалған жағдайда бір аптадан кейін Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қозғалысын қалпына келтіруді және қақтығысты ұзақ мерзімді реттеу жөніндегі келіссөздерді қайта бастауды Вашингтонға ұсынған.
DW хабарлағандай, Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ санкциялары мен теңіз блокадасы күшінде болғанша, Тегеран Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін өтуін қамтамасыз етпейтінін мәлімдеген.
АҚШ пен Иран арасындағы үшінші тараптардың арағайындығымен жүргізіліп жатқан келіссөздер жалғасып жатыр. 23 қыркүйекте Трамп екі ел арасындағы БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы байланыстардың «өте нәтижелі» болғанын айтқан еді. Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Тегеран сол кезде кеме қатынасын қайта жандандыру шарттарының қатарында теңіз блокадасын тоқтатуды, бұғатталған активтерді босатуды және әскери қимылдарды тоқтатуды атаған.
Айта кетелік Тегеран Ормуз бұғазын ашуға дайын екенін мәлімдеп, АҚШ-қа шарт қойғаны туралы жазған едік.