Трамп Израиль мен Иранды айыптады

Фото: democracynow

АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп сейсенбі күні таңертең Израиль мен Иранды әбден сынға алды, өйткені олар атысты тоқтату туралы келісімді бұзды, деп хабарлайды NBC News.

– Бізде ұзақ әрі табанды түрде соғысып жатқан екі ел бар, олар тіпті не істеп жатқандарын да ұқпайды, - деді Дональд Трамп.

Дүйсенбі күні Трамп әлеуметтік желіде Израиль мен Иран атысты тоқтату туралы жан-жақты келісімге келгенін хабарлады. Алайда арада 12 сағаттай уақыт өткенде ол екі тарапты да келісімді бұзды деп айыптады.

– Менің ойымша, екеуі келісімді де бұзды. Олар мұны әдейі жасады деп ойламаймын. Екі ел де адамдарын ұстай алмады, - деді Дональд Трамп сейсенбіде.

Сейсенбі күні Израиль премьер-министрінің кеңсесі Израильдің Тегеранға бір түнде соққы бергенін, содан кейін Иран бірнеше сағаттан кейін зымыран ұшырып, төрт израильдік қаза тапқанын хабарлады. 

Трамп әлеуметтік желіде Израильге Иранды бомбаламауды ескертіп, мұның «ауыр заң бұзушылық» болатынын айтты. 

– Израиль Иранға шабуыл жасамайды. Барлық ұшақ бұрылып, Иранға достық «сигналын» беріп, үйлеріне қайтады. Ешкім зардап шекпейді, атысты тоқтату келісімі күшіне енді, - деп жазды Дональд Трамп Truth Social-да. 

Нетаньяху кеңсесі Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Израиль Иранға қосымша шабуыл жасамайтынын айтты. 

Бұған дейін Трамп Иранның ядролық нысандарының толық жойылатынын мәлімдеген болатын.