Трамп Канадамен сауда келіссөздері аяқталғанын мәлім етті
09:25, 28 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Трамп америкалық бигтехке салынған салыққа байланысты Канадамен сауда келісімін тоқтатады, деп хабарлайды ВВС.
АҚШ пен Канада бір-біріне сауда тарифтерін енгізді. Сонымен қатар Дональд Трамп көршілес елді аннексиялаймын деп бірнеше мәрте қайталады. Дегенмен тараптар шілде айының ортасында тіл табысуға ұмтылды.
Жұма күні Трамп әлеуметтік желіде америкалық технологиялық компанияларға салынған үлкен салыққа байланысты келіссөздерді тоқтататынын мәлім етті.
Алдағы аптада АҚШ Канададан келетін импортқа жаңа тарифтерді жариялайды, деп қосты ол.
Осыған дейін Трамп канадалық болат пен алюминийге баж салығын 50%-ға дейін көтеретіні туралы жаздық.