Трамптың айтуынша, Қытайдан келетін тауарларға 10% қосымша тариф қойылады. Бұл шара Қытай үкіметін елден синтетикалық опиоид фентанилдің заңсыз экспортын тоқтатуға мәжбүрлеу мақсатында енгізілмек.
Ал Мексика мен Канададан келетін тауарларға 25% тариф қосылады. Бұл тарифтер аталған елдер есірткі мен заңсыз мигранттардың АҚШ шекарасынан өтуін тоқтатқанға дейін күшінде болады.
Қытайдың Вашингтондағы елшілігі Трамптың айыптауларын негізсіз деп атады және Қытайдың сауда соғысына барғысы келмейтінін мәлімдеді.
Бұдан бұрын, сайлауалды кампаниясы кезінде, Трамп Қытай мен Мексикадан импортталатын тауарларға 100%-ға дейін тариф енгізу мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеген болатын.
Еске салсақ, бұған дейін Брук Роллинс АҚШ Ауыл ауыл шаруашылығы министрі болуы мүмкін екені хабарланды.