Жұма күні аттанар алдында Дональд Трамп Бейжіңдегі Чжуннанхай сарайында Си Цзиньпинмен жеке кездесу өткізді, онда ол Қытай президентімен шынайы және терең байланыс орнатуды жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді және оны Вашингтонда қабылдауды асыға күтетінін білдірді.
Екі көшбасшы өз елдері мен әлемге қатысты негізгі мәселелер бойынша пікір алмасып, бірқатар жаңа келісімге келді, деп хабарлады Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі жұма күні.
Қытай мен АҚШ қарым-қатынасында сындарлы стратегиялық тұрақтылықты орнатуды екі ел арасындағы қарым-қатынасқа жаңа тәсіл ретінде қарастыруға келіскені туралы хабарланды.
– Бұл алдағы үш жылда және одан кейінгі екіжақты қарым-қатынастар үшін стратегиялық бағдар болады. Сондай-ақ Қытай мен АҚШ қарым-қатынастарының тұрақты дамуына ықпал етеді және әлемге бейбітшілік, гүлдену және прогресс әкеледі, - деді ол.
Дипломат екі көшбасшының халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша байланысты арттыруға келіскенін атап өтті.
– Екі мемлекет басшысының іс-әрекеті өзара түсіністікті тереңдетуге, сенімді нығайтуға, практикалық ынтымақтастықты дамытуға, екі ел халқының әл-ауқатын арттыруға және әлемге қажетті тұрақтылық пен сенімділік әкелуге ықпал етті, - делінген мәлімдемеде.
Біз бұған дейін Дональд Трамптың Си Цзиньпинді қыркүйек айында АҚШ-қа шақырғанын хабарлаған едік.