— Біз Иран Ислам Республикасымен тиімді келіссөз жүргізіп жатырмыз, — деп хабарлады Дональд Трамп Truth Social желісінде.
Трамп Иранның экономикалық жағдайы нашарлап, әскери әлеуеті де әлсірегенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол Иранға қатысты теңіз қоршауы толық күшінде қалатынын атап өтті.
— Біз АҚШ-та 3 қарашада өтетін аралық сайлауға дейін Иранға шабуыл жасамаймыз. Иранның ядролық қаруы болмайды! — деп жазды АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Breitbart басылымының мәліметінше, Пентагон АҚШ Орталық қолбасшылығына Иранға қарсы ауқымды әскери операцияларды қайта бастауға әзірлікті аяқтауды бұйырған. Бұл хабардан бір күн өткен соң Трамп өз мәлімдемесін жариялады. Әскери соққылар Иранның энергетикалық инфрақұрылымы мен ядролық нысандарына бағытталуы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы текетірестің өрбуі, келіссөздердің барысы және әскери қақтығыстың қайта басталу ықтималдығы туралы жазған болатынбыз.