«100 миллион доллар жоғалды. Бұл қаражат Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде жұмсалуы керек еді. Мұндай апаттар дұрыс басқару болғанда мүлде орын алмас еді. Губернатор Ньюсом Солтүстік Калифорния мен Тынық мұхитының солтүстік-батысынан миллиардтаған галлон суды ағызудан бас тартты. Бұл бәрін өзгертер еді!», – деп жазды Трамп.
Трамп аталған қаражат FireAid шарасы аясында жиналғанын меңзеді. Бұл – жыл басында Лос-Анджелесте болған жойқын орман өрттерінен баспанасыз қалған тұрғындарға көмек ретінде ұйымдастырылған біркүндік қайырымдылық концерті. Концертте Оливия Родриго, Кэти Перри мен Леди Гага сынды танымал әншілер өнер көрсетіп, нәтижесінде шамамен 100 миллион доллар жиналған болатын.
Айта кетейік, Трамп Таиланд пен Камбоджа премьерлерінің кездесуге келіскенін мәлімдеді.