Ақүйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 13-16 мамыры аралығында Сауд Арабиясына, Қатарға және Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) баратынын айтты.
Ливитт Трамптың үш елге сапар шегетінін айтып, бірақ сапардың егжей-тегжейіне тоқталмады.
АҚШ президенті алдыңғы кейбір мәлімдемесінде мамыр айында Сауд Арабиясына сапарлайтынын айтқан еді.
Осыған дейін Трамп Signal чатындағы жанжал аясында Пентагонға қолдау білдіргенін жазған едік.