- Ресей қазір ұрыс алаңында Украинаны тықсырып барады. Осы фактіні негізге ала отырып мен Ресейге қарсы ауқымды банктік санцияларды және тарифтерді қарастырып жатырмын. Бұл жағдай атыс тоқтап, әлемде толыққанды бейбітшілік орнамайынша жалғаса береді. Украина мен Ресей, тым кеш болмай тұрғанда келіссөздерді қазір бастаңдар. Рахмет!!! -деп жазды Трамп.
Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресте сөйлеген сөзінде Украина президенті Владимир Зеленскийден бейбіт келіссөздер үстеліне қайта оралуға дайын екенін білдіретін хат алғанын айтты.