Трамп мигранттарға күніне 1000 долларға жуық айыппұл салуды жоспарлап отыр

Фото: Фото: ТАСС

АСТАНА.KAZINFORM — Дональд Трамп депортациялауға ұшыраған мигранттар АҚШ-тан кетпесе, оларға күніне 998 доллар айыппұл салып, оны төлемеген жағдайда мүлкін тәркілеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Yahoo News.

Депортациялау туралы бұйрығы бола тұра ұзақ уақыт бойы АҚШ-та жүрген мигранттарға 1 миллион доллардан астам айыппұл салынуы мүмкін.

Ішкі қауіпсіздік департаментінің өкілі Триша Маклафлин Reuters агенттігіне АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттар CBP Home қолданбасы арқылы «дәл қазір өз беттерімен елден кетулері керек» екенін айтты.

Шамамен федералды миграциялық сот депортациялауға бұйрық берген, бірақ әлі АҚШ-тан кетпей жүрген 1,4 млн мигрантқа айыппұл салынады.

Бұған дейін АҚШ-тағы депортациялаулар мен қазақстандық мигранттардың жағдайы туралы хабарланған болатын.

Айта кетелік Трамп тарифтерге байланысты 500 миллион доллар жоғалтқан еді.