«Бес айда АҚШ тарихындағы кез келген дерлік президентке қарағанда, көп нәрсеге қол жеткіздім», - деді ол.
«Ирак пен Сирияға қарайтын болсаңыздар, «Ислам мемлекетімен» (ДАИШ - авт.) күресте қол жеткізілген ілгерілеуді көре аласыздар, бұл толық дерлік жетістік деуге болады», - деді Трамп.
Сондай-ақ президент қазір Ақ үйдегі көңіл-күй ерекше керемет екенін хабарлады. Өзінің еңбегінің жемісіне сондай-ақ, америкалық қор биржасы көрсеткіштерінің өсуін, соңғы 16 жылда АҚШ-та жұмыспен қамту мәліметтерінің жақсаруын қосып отыр.
«Демократтар айтып жатқан бос сөздерге қарамастан, Ақ үйдің де жұмысы алға басуда», - деді ол.
Трамп АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, 20 қаңтарда мемлекет басшысы лауазымына кіріскен болатын.