Трамп осы күнге пікірталас өткізуге келісімін берген болатын. Көктемде жасалған келісім бойынша 10 қыркүйекте Трамп пен Джо Байден арасындағы екінші дебат өтуі керек болатын. Байден 21 шілде күні сәтсіз өткізген дебатынан соң сайлаудан шығып қалды. Ал Трамп енді дебат өткізуден бас тартып, сонымен қатар пікірталас болған жағдайда оған өзіне жақын Fox News телекомпаниясы модератор болуын талап етті.
Харрис тарапы керісінше, дебаттың 10 қыркүйек күні өтуін талап етті.
Жоғарғы сот шешіміне дейін сот алқасы Трампты кінәлі деп тапты. Егер судья федералды судьялардың шешімі маңызды емес деп санаса, онда оның 2 шілдедегі шешіміне сәйкес Трамптың үкімі 18 қыркүйекте жарияланады.