«Көшбасшылар өзара сыйластық танытты, Трамп екі көшбасшы арасында екі елдің дамуы үшін барынша мықты қатынас орнайтынына сенетінін хабарлады», - деп атап өтеді хабарламада.
Мемлекеттік қытайлық БАҚ ақпаратына сәйкес, Си Цзиньпин әңгімелесу барысында ҚХР мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық екі ел үшін сенімді таңдау болатынын айтты.
Қытайлық CCTV телеарнасы хабарлағандай, ҚХР басшысы елдер өзара ынтымақтастықтың барлық саласын кеңейтіп, қатынастардың одан әрі жақсаруы үшін бәрін жасайтынын атап өтті.
Сондай-ақ көшбасшылар таяуда одан әрі ынтымақтастықты талқылау үшін кездесеуге уағдаласты.
Өзінің сайлауалды науқанында Трамп ҚХР-дың олармен жүргізген сауда саясатын бірнеше рет сынға алған.
14:11, 14 Қараша 2016
Трамп пен Си Цзиньпин АҚШ пен Қытайдың тығыз ынтымақтастығы туралы уағдаласты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлауалды науқан барысында Трамп Қытайдың АҚШ-қа қарсы сауда саясатын сынға алған. Жаңа сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесу барысында Бейжіңмен берік ынтымақтастыққа сенетінін айтты, делінген Трамп штабының хабарламасында.